"Фламингоның" Ресейге шабуылы
13 қарашаға қараған түні Ресейдің Орел қаласына Украина зымырандары шабуылдады. Украиналық БАҚ шабуыл украиналық жаңа «Фламинго» қанатты зымыранымен жасалды деді. Ресми Киев әлі бұл жөнінде мәлімдеме жасамады. Зымырандарды Ресейдің әуе қорғаны жүйесі қағып түсірген. Бірақ оның қалдықтары тұрғын үйлерге түсіп, кей аулада өрт шыққан.