Қытай туын өртеп қамалған белсенділер
13 қарашада Алматы облысында тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының мүшелері наразылық акциясын өткізіп, Қытай туы мен ел басшысы Си Цзиньпиннің суретін жағып жіберген. Олар төрт ай бұрын Қытайға кетіп ұсталған қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайға бостандық талап еткен. Полиция сол күні жиналған 19 адамның бәрін ұстап, 12-сін 7-15 тәулікке қамады, алтауына айыппұл салды.