14 қарашаға қараған түні украин әскері Новроссийскіге дронмен соққы жасаған кезде төрт С-400 қондырғысы мен екі радарды жойған. Мұны Украина қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздерге сүйенген украиналық БАҚ жазды. Дәлел ретінде 11 қарашаға дейін және одан кейін түсірілген спутник суреттері жарияланды. Ресей әскері әуе қорғаныс жүйесінің жойылғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме бермеді.
"Спутник суреттері қауіпсіздік қызметінің төрт С-400 «Триумф» зениттік зымыран жүйесінің ұшыру қондырғысын жойғанын айғақтайды. Олар Кубань қызыл ту полкінің әскери бөлімінің аумағында орналасқан" деп жазды «Украинская правда» басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып. Бұған қоса, 96N6 ерте ескерту радары мен 92N6 нысана белгілеу радары да жойылған.
Бұл нысандардың барлығы Новороссийск маңындағы әскери бөлімнің аумағында орналасқан болуы мүмкін. Онда қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, барлығы 12 С-400 қондырғысы орналастырылған. Бұған дейін ASTRA жүргізген OSINT талдауы соққының 51-әуе қорғанысы дивизиясының 1537-қызыл ту Кубань казак зениттік зымыран полкі орналасқан 26345 әскери бөлімнің аумағы соққыға ұшырағанын анықтаған еді.
Әскери нысаннан бөлек, Новороссийскіге шабуыл салдарынан порт және мұнай инфрақұрылымы қирады, оның ішінде мұнай терминалы мен кемінде бір кеме бар. Қалада бірнеше үй бүлініп, кемінде төрт адамның зардап шеккені хабарланды. Reuters дереккөзі соққыдан кейін "Транснефть" Новроссийскіге мұнай тиеу тоқтағанын, порттың өзі мұнай экспорттауды тоқтатқанын айтқан.