Латвия Швейцариядағы пойызда украиналық босқынның отбасына тіл тигізген ер адамға қарсы қылмыстық іс қозғады. Украина отбасын боқтаған ер адам Латвия азаматы екені анықталды.
Ресей әскері Украинаға қарсы соғыста жылқы мен есекті қолданып жатыр. Орыс сарбаздары малмен техника тасиды, миналанған далаларды кесіп өтеді. Жылқы мен есек те, өкінішке қарай, шабуыл нысанына айналып жатады.
Автобустың жол ақысын «500 теңгеге көтеру», Қазақстандағы орыс тілінің ахуалы және өзге де мәселелері төңірегінде даулы пікірлер айтып танылған Олжас Байділдинов кім? Оның мемлекеттік мекемелер мен бұрынғы президент отбасына қандай қатысы бар?
Украина 19 қазанға қараған түні Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу дрондармен соққы жасады. Бұл – әлемдегі ең ірі газ өңдеу зауыты. Шабуылдан соң Қазақстан энергетика министрлігі Қарашығанақтан Орынбор зауытына шикізат жіберуді тоқтатты.
Бұрынғы президенттің баспасөз қызметі Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы мәлімдеме жасады. | Президент таңертең берген тапсырманы премьер кешке дейін орындап тастады. | Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылды.
Президент Тоқаев премьер Бектеновке апта соңына дейін уақыт берді. | Сенат Тоқаев ұсынысы негізінде жоғарғы соттың үш адамын босатты. | Депутат Бапи түрмедегі марафоншы Жыланбаевқа кіріп, кездесіп қайтты.
55 жастағы мұғалім Қалбынұр Сыдық қазір Гаага қаласында тұрады. Оның ұлты — өзбек. Әйел Қытайдың Шыңжаң аймағында туып, сонда жұмыс істеген. Жастайынан мұсылман балаларға қытай тілін үйреткен, кейін «қайта тәрбиелеу лагері» деп аталатын мекемеге жұмысқа жіберілген.
Ауғанстандағы билікті уысында ұстап отырған "Талибан" қозғалысы (Батыс елдерінде террорлық ұйым деп танылған) мен Пәкістан арасында қақтығыс күшейді.
"Дикий Арман" сот үкіміне шағым түсірді. | Қамаудағы журналист, белсенді Әйгерім Тілеужан денсаулығы нашар. | Ауғанстан мен Пәкістан неге атысты?
АҚШ Украинаға 20-дан 50-ге дейін Tomahawk қанатты зымыранын бере алады. Бұл жайлы Америка қауіпсіздік орталығының басшысы Стейси Петтиджон айтты. Мәселе осы аптаға жоспарланған Дональд Трамп пен Владимир Зеленксий кездесуінде талқылануы ықтимал.
Несие алу қиындайды. Қазақстанда инфляция күшейіп, Ұлттық банк қаржы саясатын қатаңдатты. | Депутат түрмедегі журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығына алаңдайды. | "Газадағы соғыс аяқталды". АҚШ президенті әлемнен осылай деп сүйінші сұрады.
АҚШ Украинаға «Томогавк» қанатты зымырандарын беріп қалуы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп мәлімдеді. Ол «Путин соғысты тоқтатпаса, осы қадамға баруға мәжбүрмін» деді. Қуатты қаруды алу мәселесінің талқыланғанын Украина президенті де растаған еді.
«Батыс елдерінің санкциясы Ресей экономикасына айтарлықтай қиындық туғызып жатса да, АҚШ жаңа шектеулер пакетін мақұлдауға асығар емес» деді Еуроодақтың санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы Дэвид О'Салливан.
Қазақстан президенті тағы да орыс тілін "құндылық" деп атады. | Қазақстан мен Ресей шекарасында бірнеше аптадан бері жүк көліктері өте алмай тұр. | Нобельдің бейбітшілік саласындағы сыйлығы Венесуэла саясаткеріне бұйырды.
Әскерге сау әкеткен жігітті үйіне табытқа салып қайтарды. | Қойнауы газға толы Қазақстан Ресейдің газына мұқтаж. "Газпром" Қазақстанда құбыр салмақ. | АҚШ президенті арағайын болып, Израиль мен ХАМАС Газада бейбітшілік орнатудың алғашқы қадамын жасады.
Украинада әуе шабуылдарынан кейін газ тапшылығы күшейді. Украина бұған жауап ретінде Ресейдің ең ірі газ өңдеу зауытына соққы берді. Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Душанбені Путинді тұтқындауға шақырды.
Қазақстандағы адам құқығы Еуропада талқыланып жатыр. |Мәжіліс еңбек кодексіне өзгеріс енгізгелі жатыр. Үні естілмеген жұмысшылар енді ереуілдеуден де қала ма? | Аз жалақы, күн санап өскен баға. Қымбатшылық қинап, шеруге шыққан Эквадор халқы президентке тас жаудырды.
Тағы