Украина елге Греция арқылы газ жеткізудің жаңа бағытына қатысты жұмыстарды аяқтады. Президент Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл бағыт Ресей күштері Украинаның газ құбырлары мен энергетика инфрақұрылымына жасаған шабуылдардан кейін елдің алдағы қыстан өтуіне көмектеспек.
"Бұл – газ жеткізудің тағы бір бағыты. Мақсатымыз – қыс мезгілінде Украинаның газ импортының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. Бізде газ импортын қаржыландыру жөнінде келісімдер бар, шамамен екі миллиард еуро көлеміндегі қажеттілікті жабамыз", – деп жазды Зеленский Telegram-арнасында.
Президенттің айтуынша, Еуропа одағының серіктес елдері мен еуропалық банктер Еурокомиссияның кепілдігімен қаржылай қолдау көрсетіп отыр.
Зеленский Украинаға газдың алғашқы партиясы алдағы жылы қаңтар айында, Грекияның Александруполис айлағынан Одессаға жеткізілетінін айтты.
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис өз елі АҚШ-тың сұйылтылған табиғи газын Орталық және Шығыс Еуропаға жеткізудегі маңызды транзит хабына айналып келе жатқанын мәлімдеген.
Bloomberg деректері бойынша, 2025 жылдың қазанына қарай Ресей жасаған шабуылдар салдарынан Украинаның ішкі табиғи газ өндірісінің жартысынан көбін жойылған.